Әлемдік мұнай бағасы бареліне 60 долларға тұрақтады

806

Зангане: ОПЕК+ желтоқсанда жеңілдіктерді қатаңдатуы мүмкін. 

Әлемдік мұнай бағасы бареліне 60 долларға тұрақтады

Shana Иран агенттігі, Мұнай министрінің аталған шикізат бағасына байланысты пікірін жариялады. Бижан Зангане, ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдерге мұнай өндіру бойынша шектеу қойғанымен  мұнай бағасы бареліне 60 доллардан аспағанын айтады. Сондай-ақ министрдің пікірінше, аталған шикізатты өндіру бойынша квота беруге қатысты мәселелер желтоқсан айында ОПЕК отырысында талқыланбақ.

"Мен ОПЕК-ке Бразилияның қосылуына уайымдамаймын. Алайда келісімге шағын мемлкеттердің қатысуын құптамаймын",-деді Иранның мұнай министрі Бижан Зангане.

Сонымен қатар Бижан Зангане , Сауд Арбиясы мен Иранның қарым –қатынасы мен олардың мұнай нарығына ықпалы турасында "бұл психологиялық мәселе" деп түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу