Әлемдік мұнай бағасы қайта қымбаттай бастады

295

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90,21 долларға жетті.

Әлемдік мұнай бағасы қайта қымбаттай бастады Фото: РИА Новости

Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал ушыққан тұста әлемдік мұнай бағасы да өсе бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Oilprice деректеріне сәйкес, 20 шілде таңертеңгі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 90,21 доллар болып, алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,40% қымбаттады. Ал WTI маркалы мұнайдың бағасы 84,24 долларға жетіп, 2,12% өсті.

Ресейдің Urals маркалы мұнайы да қымбаттап, бір баррелі 66,84 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,33% жоғары.

Айта кетейік, мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі әсер етті. АҚШ-тың Иран аумағына жасаған кезекті соққыларынан кейін нарықта мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық артып, өңірдегі жағдайдың одан әрі ушығу қаупі күшейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу