5 қазан бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 101,43 доллар болды. Баға 0,82 долларға немесе 0,80%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Oilprice мәліметінше, WTI мұнайы 1,21%-ға арзандап, барреліне 90,01 доллар болды.
Ресейдің Urals мұнайының бағасы барреліне 105,55 доллар болып, 1,07%-ға төмендеді.
G7 елдерінің әлемдік энергетикалық нарықты тұрақтандыру мақсатында стратегиялық қорлардан 100 млн баррель мұнай мен мұнай өнімдерін босату туралы шешімі бағаға әсер етіп отыр. Шешім жеткізілімдерді жақын арада бастауды көздейді және бағдарлама төрт айға есептелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу