Мұнайдың эталондық сорттарының әлемдік бағасы аукционда тағы да құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:44-тегі сауда деректері бойынша 2,44 пайызға төмендеп, барреліне 80,41 долларды құрады.
WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 2,93 пайызға арзандап, барреліне 75,96 долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу