Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады

238

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында әлемдік мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік мұнай бағасы қайтадан қымбаттады Фото: Sputnik / Максим Богодвид

Oilprice.com мәліметінше, 22 қазанда Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110,50 долларға жетті. Баға 1,68 долларға немесе 1,54%-ға өсті.

WTI маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 98,41 доллар болып, 1,30%-ға қымбаттады.

Ал Urals маркалы мұнай керісінше, 0,84 долларға немесе 0,80%-ға арзандап, барреліне 104,76 долларға түсті.

Парсы шығанағы аймағындағы қақтығыстың ушығуы мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдерді күшейтіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу