Әлемдік мұнай бағасы көтерілуде

277

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны өткен жылдың қазан айынан бері алғаш рет 88 доллардан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Әлемдік мұнай бағасы көтерілуде Фото: inbusiness.kz

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен 11:15-тегі сауда деректері бойынша 0,67 пайызға өсіп, барреліне 88,01 долларды құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,52 пайызға өсіп, барреліне 84,15 долларды құрады. Айта кетейік, мұнай нарығы ОПЕК+ жаңалығын күтіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, 3 сәуірде қайта жиналатын коалиция мемлекеттері бар өндіріс шектеулерін сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу