Әлемдік мұнай бағасы күрт арзандады

173

Эталондық мұнай маркаларының бағасы түсіп кетті.

Әлемдік мұнай бағасы күрт арзандады Фото: МК

Бүгін таңғы саудада Лондонның ІСЕ биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 72,68 долларға дейін түсіп, 4,43 пайызға арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

WTI маркалы мұнай бағасы 4,54 пайызға арзандап, 68,52 долларға түсті.

Сарапшылар 28 қазан күні мұнай бағасы түсетінін болжаған болатын. Себебі Израильдің Иранға жасаған шабуылы мұнай мен ядролық инфрақұрылымға әсер етпеді. Энерготасымалдаушылар жеткізіліміне кедергі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу