Әлемдік мұнай бағасы қымбаттап жатыр

202

7 қыркүйектегі жағдай бойынша әлемдік мұнай бағасында өсім бар.  

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттап жатыр Фото: Reuters

Brent мұнайының бағасы 0,53% пайызға өсіп, баррелі 96,81 доллар болды. Oilprice мәліметіне сәйкес, WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,61%-ға қымбаттап, баррелі 92,04 доллардан саудаланып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Қазақпарат" агегнттігіне сілтеме жасап. 

Ресейлік Urals мұнайының бағасы барреліне 86,70 доллар деңгейінде тұр. Оның бағасы 2,18%-ға қымбаттады. Кейінгі бір ай ішінде Urals мұнайының бағасы 12,89%-ға, ал өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,83%-ға өскен.

Еске салайық, Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс әлі де шешілмей тұр. Өткен аптада АҚШ Ирандағы ИРСК нысандарын шабуылдауын бастады.

Кейін АҚШ Иранның мұнай флотына жаңа соққы жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу