Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр

512

Өткен аптада "қара алтын" арзандаған еді.

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр Фото: rbk.ru

Brent сұрыпты мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің құны 2,64%-ға қымбаттап, 40,49 доллар болды. Ал WTI мұнайының желтоқсандағы жеткізілімінің бағасы 2,83%-ға өсіп, 38,19 долларға жетті.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың сәуірінде ОПЕК+ елдері бір күнде өндірілетін мұнай көлемін мамыр және маусым айлары аралығында 9,7 миллион баррельге, екінші тоқсанда 7,7 миллион баррельге, 2022 жылға дейін 5,8 миллион баррельге қысқарту туралы шешім қабылдаған еді. Кейін картель шілденің соңына дейін өндірісті 9,7 миллион баррельге азайтты. Жалпы қазір нарықта құбылмалылық байқалады, шикізат бағасы бір өсіп, бір төмендеп жатыр.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу