Әлемдік мұнай бағасы тағы да шарықтады

123

Бағаның өсуіне Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс себеп болып отыр.

Әлемдік мұнай бағасы тағы да шарықтады Фото: Риа Новости

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың ирандық жүк кемесін басып алу туралы мәлімдемесінен кейін айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Азия нарықтарындағы сауда барысында Brent crude бағасы 6,4%-ға өсіп, баррелі 96,13 долларға жетті. Ал West Texas Intermediate 7,5%-ға қымбаттап, 90,15 долларды құрады.

Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсуіне Ормуз бұғазы төңірегіндегі шиеленіс себеп болып отыр. Бұған дейін Иран бұл стратегиялық су жолын коммерциялық кемелер үшін жабатынын мәлімдеген еді. Айта кетейік, әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газдың шамамен 20%-ы осы бұғаз арқылы тасымалданады.

Энергетикалық нарықтар АҚШ пен Иран арасындағы соңғы әскери-саяси шиеленістен кейін құбылмалы күйде қалып отыр. Сарапшылар нарықтағы өзгерістер көбіне тараптардың қарама-қайшы мәлімдемелеріне байланысты екенін айтады.

Сонымен қатар, АҚШ делегациясының Пәкістанға келіссөздер жүргізу үшін баруы жоспарланған. Алайда Иран тарапы бұл кездесуге қатысу мәселесі әлі нақты шешілмегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ормуз бұғазы толық ашылмаған күйде қалып отыр, бұл жаһандық энергия нарығына қысымды күшейтіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу