Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстері 11,15 пайызға қымбаттап, барреліне 84 АҚШ долларынан асты, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek арнасына сілтеме жасап.
Ал WTI маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстері 11,42 пайызға өсіп, 79,57 долларға жетті.
Сарапшылар мұнай бағасының шарықтауына АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесі ықпал еткенін айтады. Ол АҚШ-тың бұғаздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін және осы үшін тасымалданатын жүктің құнының 20 пайызы көлемінде өтемақы алынатынын мәлімдеген.
Бұл мәлімдеме мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп, әлемдік нарықтағы бағаның өсуіне әсер етті.