Әлемдік мұнай бағасы төмендей бастады

243

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103,31 долларға жетті.

Әлемдік мұнай бағасы төмендей бастады Фото: AP / Bernat Armangue

Таяу Шығыста мұнай жеткізіліміне қатысты жағдай жақсарып, шикізат ұсынысы артады деген сенім аясында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша, WTI маркалы мұнайдың бағасы барреліне 89,70 доллар болды.

Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 103,31 долларға жетті.

Бағаның төмендеуіне қарамастан, Brent мұнайының бағасы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс және мұнай жеткізіліміне қатысты тәуекелдер аясында үшінші ай қатарынан өсіп отыр.

Ресейдің Urals маркалы мұнайының бағасы барреліне 110,94 доллар болып, 0,36%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу