Сауда қорытындысы бойынша Brent сұрыпты мұнай баррелінің құны 1,43%-ға арзандап, 42,04 доллар болды. WTI баррелінің бағасы 1,77%-ға төмендеп, 39,95 долларға дейін түсті.
Сейсенбіде шикізат нарығына АҚШ жағалауына сұрапыл дауыл жақындады деген мәлімет оң әсерін тигізген еді.Ресми дерек бойынша, Мексика шығанағында мұнай өндірісі 29,2%-ға қысқарды.
Ал Норвегиядағы жұмысшылардың ереуілі мұнай ұсынымына кері әсер етуі мүмкін деген болжам бар. Өйткені ереуіл кесірінен Equinor төрт кен орнындағы өндірісті тоқтатып тастаған болатын.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу