Әлемдік нарықта мұнай арзандады

288

Нарық Таяу Шығыстағы жаңа тәуекелдерді бағалап жатыр.

Әлемдік нарықта мұнай арзандады Фото: kursiv.kz

Дүйсенбі күні таңертең мұнай арзандады. Бұған дейін баға соңғы жарты жылдағы ең жоғарғы шегіне жеткен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсан айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстері Астана уақыты бойынша сағат 6:04-те барреліне 114,53 доллардан саудаланып, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,19 долларға немесе 1,88%-ға төмендеді. Жұма күні бұл келісімшарттардың құны 3,55 долларға немесе 3,14%-ға өсіп, барреліне 116,72 долларға жеткен болатын.

Нью-Йорк тауар биржасының (NYMEX) электронды саудасында желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 2,21 долларға немесе 2,14%-ға арзандап, барреліне 101,06 доллар болды. Алдыңғы сауда сессиясының қорытындысы бойынша олар 3,8 долларға немесе 3,8%-ға артып, сауда-саттықты 103,27 доллармен аяқтаған еді.

Phillip Nova сарапшысы Приянка Сачдеваның айтуынша, Ормуз бұғазындағы жеткізілімдерге төнетін қауіп-қатер әлі сейілген жоқ. Сондай-ақ шиеленісті күшейткен тағы бір фактор – йемендік хуситтердің Сауд Арабиясындағы нысандарға жасаған шабуылдары. Өткен демалыста олар корольдік аумағындағы бірнеше нысанға соққы бергенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу