Лондонның "Эйс Фючерс" қор нарығында Brent маркасы барелліне 55,63 долларға саудаланған6 деп хабарлайды 24Хабар.
Ал WTI маркасы 52,82 долларға бағаланды. Сарапшылардың айтуынша, бірер күн бұрын қара алтын құны құлдыраған еді. Оған Америкалық мұнай институтының АҚШ қорындағы мұнайдың 14,2 миллион баррельге дейін өскенін жариялауы әсер еткен.
Дегенмен мамандар АҚШ-та мұнай емес, мұнай өнімдері, атап айтқанда, бензин қорының азайғанын айтты. Осыдан кейін әлемдік нарықтағы қара алтын бағасы қайта жоғарылаған. Айта кетейік, жыл басынан бері әлемдік нарыққа мұнай экспорттаушы елдер қара алтын өндірісін тәулігіне 1,8 миллион баррельге қысқартуға уағдаласқан. Келісім осы жылдың алғашқы алты айында сақталуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу