Оған ОПЕК+ шешімі себеп. Ұйымға мүше елдер 1 сәуірден бастап мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті. Бұл нарықта ұсыныстың көбеюіне әкелуі мүмкін. Шикізат бағасының төмендеуіне АҚШ пен өзге елдер арасындағы сауда соғысының өршуі де әсер еткен. Негізі ОПЕК+ ұйымының қара алтын өндіру көлемін арттыру шешімі былтыр қыркүйекте күшіне ену керек еді. Бірақ сұраныстың төмендеуіне байланысты бірнеше рет кейінге қалды. Енді альянстың бұл жолғы келісімі келер жылдың күзіне дейін жалғасуы тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу