Әлемдік органикалық өнімдер нарығы соңғы 20 жылда 7 есе өсті

Қазақстанда әртүрлі органикалық өнімдерді шығара алатын 38 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және 19 өңдеуші кәсіпорын бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Сауда саясатын дамыту орталығына сілтеме жасап. 

Әлемдік органикалық өнімдер нарығы соңғы 20 жылда 7 есе өсті Фото: almaty tv

Жалпы дүниежүзінде мұндай өнімдердің негізгі тұтынушылары – төлем қабілеттілігі жоғары және денсаулықты жақсартуға мүдделі Батыс Еуропа елдері.

Қолда бар болжамдарға сәйкес, органикалық өнімдер нарығы алдағы 10 жылда 8%-ға өседі. Қаржыға шаққанда бұл 2025 жылға қарай 170 млрд еуроны құрайды.

Сонымен қатар, Қазақстанда әртүрлі органикалық өнімдерді шығара алатын 38 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және 19 өңдеуші кәсіпорын бар. 

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда пайдаланылған егістік алқаптардың шамамен 50% және 70 жайылым органикалық егіншілікке жарамды, бұл жалпы алғанда 2 млрд АҚШ долларын немесе бүкіл әлемдік нарықтың 1,5% өнім көлемін бере алады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу