Әлемдік сауда екінші тоқсанда 18,5%-ға құлдырады

620

Дүниежүзілік сауда ұйымы осындай баға берді.

Әлемдік сауда екінші тоқсанда 18,5%-ға құлдырады Фото: reuters.com

2020 жылдың бірінші жарты жылдығында әлемдік сауда Covid-19 вирусының пандемиясына байланысты күрт құлдырады. Салдарынан жаһандық экономика іркіліп қалды.

Дегенмен ДСҰ-ның пікірінше, бірқатар елдің індет кезінде шұғыл шаралар қабылдауы құлдырау қарқынын бәсеңдеткен. Сарапшылар биыл сауда көлемі айтарлықтай қысқарады, бірақ болжанғандай ең төмен көрсеткіштерге дейін қысқармайды деп отыр.

Ұйымның ресми мәліметі бойынша, 2020 жылдың бірінші тоқсанында әлемдік сауда өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға азайды.Ал екінші тоқсанда 18,5%-ға қысқарған.

"Тарих тұрғысынан қарасақ, бұл құлдырау айтарлықтай жойқын. Бірақ көрсеткіштер бұдан да төмен болады деп күтіп едік",– деп жазылған ДСҰ-ның ресми мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу