Әлемдік саудада мұнай бағасы төмендеуін жалғастыруда

Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,30 пайызға төмендеді. 

Әлемдік саудада мұнай бағасы төмендеуін жалғастыруда Фото: inbusiness.kz

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:19-дағы сауда деректеріне сәйкес 1,30 пайызға төмендеп, барреліне  85,22 долларды құрады.

WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 1,42 пайызға арзандап, барреліне 81,14 долларды құрады.

Айта кетейік, 31 қазанда Brent мұнайының құны 2,87 пайызға арзандап, барреліне 86,64 долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу