Әлемдік сауданың өсу қарқыны баяулай бастады, деп хабарлайды Inbusines.kz
Дүниежүзілік сауда ұйымына сілтеме жасап. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында айтарлықтай өскен еді.
Сауда индексі жүз балдық шкала бойынша 99,5 болды, тамыз айында ол рекордтық 110,4 жеткен болатын. Мұндай индекс "тауар саудасының барометрі" деп аталады.
Ұйым сарапшыларының айтуынша, барометрдің төмендеуіне бірінші жарты жылдықта импортқа берілген тапсырыстардың күрт артуы салдарынан туындаған порттардағы кептелістер және тауар өндірісіндегі іркілістер сияқты факторлар себеп болған.
Дүниежүзілік сауда ұйымы бұл үрдісте сұраныс азаюының белгілері бар деп санайды. Әсіресе "көлік саудасы" (85,9 пункт), "электрондық компоненттер" (99,6), "теңіз контейнерлік тасымалдары" (100,3), "шикізат" (100) индекстері төмендеген.
Табиғат Нұрболат
Фото: pixabay.com