Әлемдік үстел теннисінің шеберлері Алматыға жиналды

929

Қыкүйек айының 13-і мен 18-і аралығында Алматыдағы үстел теннис орталығында әлемдік деңгейдегі халықаралық турнир өтеді. Дүбірлі додаға төрткүл дүниенің мықтылары қатысып, жүлделер жиынтығын сарапқа салады. 

Әлемдік үстел теннисінің шеберлері Алматыға жиналды

28 мемлекеттен ат терлетіп келген спортшылар арасында олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Германия спортшысы Дмитрий Овчаров, Қытайдың Тайбей елінен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Линь Юн Жу, әлем чемпионатының жүлдегерлері швециялық Маттиас Фальк және Корея елінің өкілі Ан Джэ Хен сынды атлеттер бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстанның атынан аламанға 22 споршы қатысады. Ерлер арасынан олимпиада ойындарына қатысушы Кирилл Герасименко мен көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Алан Құрманғалиев сынды спортшыларымз бағын сынап көреді.

Бұрымды спортшыларымыз да байрақты бәсекеге сақадай-сай дайын. Бұған дейінгі жарыстарда талай мықтының сағын сындырған Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Ақашева және Анель Бақыт сынды шеберлеріміз лайықты өнер көрсетеді дейді мамандар.

Бір аптаға созылатын беделді жарыстың жүлде қоры 75 мың долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу