Әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болуы мүмкін

245

Бұл туралы Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болуы мүмкін Фото: aqorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру, өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету және қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру арқылы жоғары деңгейдегі өзара интеграциялық ықпалдастық нығая түседі.

Президент жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында одан әрі орнықты даму үшін бірлестік неғұрлым икемді және тиімді болуға тиіс деп санайды.

– Егер халықаралық қауымдастық пәрменді шаралар қабылдамаса, аталған кезең "мүмкіндікті мүлт жіберген онжылдық" ретінде тарихқа енуі ықтимал. Бұл жаһандық экономиканың ажырамас бөлігі саналатын Еуразиялық экономикалық одақ үшін де зор сын-қатер болары сөзсіз. Біз барлық резервті пайдалана отырып, Одақты құру кезінде жүктелген міндеттерді шешуіміз керек. Ең алдымен, бұл жерде Экономикалық одақтың іргелі қағидатын, яғни тауарлар қозғалысының еркіндігін іске асыру туралы айтып отырмыз. Бізге шын мәнінде біртұтас әрі жүйелі жұмыс істейтін кедергісіз ішкі нарық құру қажет. Жасырын шектеулерді, "нақты жағдайға байланысты шешімдерді" және қолмен басқарудың кез келген түрін қолдану тәжірибесін толықтай жою маңызды. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының сөзсіз басымдығы болуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу