Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді

1238

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мәжілістегі "Nur Otan" партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында сөз сөйледі. 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді Фото: Максим Морозов

Ол 2025 жылы ел азаматтарына 89 мемлекетке визасыз бару құқығы берілетінін баяндады деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"2022 және 2025 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіледі. Шетелде оқитын және жұмыс істейтін қазақстандықтар мен Қазақстаннан асырап алынған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау қамтамасыз етіледі. Негізгі стратегиялық әріптестермен қатынасты нығайту  жұмысы жалғасады", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, қазақстандық бастамаларды ілгерілету, ШЫҰ, БРИКС, ИЫҰ елдерімен әріптестік жалғаса береді. 

"2021 жылы визасыз режим елдерінің тізімі кеңейіп, 77 елге жетеді.
2025 жылы бұл көрсеткіш 89 елге дейін ұғаяды", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу