Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды

674

Форумға түрлі діни конфессиялардың өкілдері қатысады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды

Іс-шараны ашқан Президент съезд делегаттарына алғыс білдірді.

"Құрметті дін лидерлері, құрметті қонақтар, ханымдар мен мырзалар! Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер. Әлемдегі ең беделді рухани көшбасшылардың басын қосып, диалог құру біз үшін зор мәртебе. Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Ватиканның және Католик шіркеуінің басшысы Рим папасы Францискке ілтипатымды білдіремін. Сіз діндер және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға зор үлес қостыңыз. Ежелгі ислам университетінің жоғарғы имамы "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебтың келгеніне қуаныштымын. Қазақ халқы сізді қазіргі мұсылман әлемінің көрнекті қайраткері ретінде бағалайды. Сіз адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келесіз және сіз діни салада адал еңбек етіп келесіз", - деді президент.

Сондай-ақ, Тоқаев орыс православие шіркеуінің жоғары өкілдеріне де сөз арнады.

"Православтық христиандар Қазақстандағы бірлік пен келісімді нығайтуға қомақты үлес қосуда. Мен Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен жақында болған әңгімемізді жылы лебізбен еске аламын, ол конфессияаралық диалогты дамытудағы еліміздің күш-жігеріне қолдау білдірді. Біздің арамызда Израильдің Ашкенази раввині Дэвид Лау және сефарди раввині Джозеф бар. Біз еліміздің еврей қауымдастығының өкілдерімен бірге бұл сапарға ерекше мән береміз. Осы шақыруды қабылдап, Қазақстанға келгеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл біздің барлығымыз бейбітшілікті сақтауға және өркениетаралық диалогты нығайтуға мүдделіміз", - деп жалғастырды президент.

"Қазақстан халқы әр түрлі өркениеттер мен діндердің дәстүрлерін, толеранттылық пен ашықтық рухын бойына сіңірді, сондықтан біз үшін әралуандықтың бірлігі қағидаты негіз қалаушы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 100 - ден астам этнос өкілдері үйлесім мен келісімде өмір сүруде, 18 конфессияны білдіретін 4000-ға жуық діни бірлестік еркін жұмыс істеуде", - деп атап өтті Тоқаев.

Жасын Қалибек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу