Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өтетін орны өзгерді

911

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өтетін орны өзгерді. Бұл туралы форумды ұйымдастырушылар хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің өтетін орны өзгерді

"2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Тәуелсіздік даңғылы, 52 мекен-жайындағы Тәуелсіздік сарайында VII Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтеді", – деп жазылған хабарламада.

Ұйымдастырушылар бұл шешім делегаттар санының көптігін, журналистердің жұмысына қолайлы жағдай жасауды ескере отырып қабылданғанын түсіндірді.

Осыған дейінгі съездер Бейбітшілік және келісім сарайында өткен. Бұл ғимарат 2006 жылы айтулы шараларды өткізуге арнайы салынған.

Бұдан бөлек ақпаратта 13 қыркүйекке жоспарланған Съезд хатшылығының XX отырысы Бейбітшілік және келісім сарайының дәстүрлі алаңы аясында өтетіні айтылған.      

Айта кетейік, Діндер съезіне әлемдегі 50-ден астам елден 100-ден аса делегация қатысады деп жоспарланып отыр. Осы уақытқа дейін 130-дан астам шетелдік журналист аккредитациядан өткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу