Кездесуге ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Бакиров, Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев, ДИЛ Бас Хатшылығы Арнайы өкілі кеңсесінің директоры Фейсал Гази Әл-Хазми, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғ.Мажиев қатысты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан тарапы Абдель Азиз бен Ахмад Сарханға Орталықтың бейбіт диалог пен келісімді ілгерілетудегі бастамаларына көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығын білдірді. Өз кезегінде А.Сархан Қазақстан тарапына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Орталықтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.
Іс-шара қатысушылары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі идеяларын және оның әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған қорытынды құжаты – декларацияны ілгерілетудің ерекше маңыздылығына тоқталды.