Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі 2025 жылы 17-18 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Хатшылықтың жиырма үшінші отырысы 2025 жылғы 16 қыркүйекте өткізу ұсынылды. 17-18 қыркүйекте Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сегізінші съезі өтеді.
Съездің негізгі мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндер құрылымдарынан жалпыадамзаттық бағдарларды іздеу, діндер диалогын жүзеге асыру және келісілген шешімдерді қабылдау үшін халықаралық конфессияаралық институттың ұдайы жұмыс істеуі.
Айта кету керек, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылы өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу