Әлемге әйгілі журнал Қызылқұп шатқалын басты бетіне шығарды

Нидерланд пен Бельгияның бірқатар танымал басылымы Қазақстанды шетелдік туристер үшін тартымды бағыт ретінде таныстырып отыр. 

Әлемге әйгілі журнал Қызылқұп шатқалын басты бетіне шығарды Фото: @qaztourism

Олар әсіресе Маңғыстау облысының көрікті жерлеріне басымдық берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нидерландтың танымал Travel Book журналы жаңа санында Маңғыстау облысы мен Астанаға арналған мақала жариялап, Қызылқұп (Қызылкүп) шатқалына басылымның басты бетінен орын берді. Мұнан өзге журнал қызметкерлері Бозжыра және Торыш табиғи нысандарының бірегей ландшафттарының табиғатына сүйсінген.

Сол секілді, таралымы шамамен 280 мың дана болатын бельгиялық Papillio лайфстайл-басылымы да Маңғыстау өңірін сирек кездесетін табиғи аймақ ретінде таныстырып отыр.

Аталған өңірдің туристік әлеуеті туралы визуалды материалдар халықаралық She Is Not Lost платформасына да шықты.

Бұған дейін еліміз қытайлық туристер үшін ең сұранысқа ие ТОП-5 мемлекеттің қатарына енгенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу