Ірі жарыстарға қатысып, ең жас бүркітші атанып, жаһанға танылғаны мәлім. Қазақ қызы туралы ондаған фильм түсіріліп, әлемнің түкпір-түкпірінде көрсетілді.
Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың қолдауымен Айшолпан Нұрғайыпқызы жанұясымен Ұлан ауданы, Бозанбай ауылына көшіп келген болатын.
Айшолпан Нұрғайып Бозанбай ауылдық округі, Бозанбай ауылындағы дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
– Біз тарихи отанымызға көшуді көптен мақсат еткен едік. Бүгінде ол арманымыз орындалып отыр. Мен еліміздің болашағы үшін маңызды мәселеден тыс қала алмадым. Сол себепті саналы түрде таңдау жасап, өз дауысымды бердім, – деді Айшолпан.