Әлемге танымал ойынды шығарушы қауіпті адам тізіміне енуі мүмкін

"Леста" компаниясының қызметіне сот тыйым салып отыр. 

Әлемге танымал ойынды шығарушы қауіпті адам тізіміне енуі мүмкін Фото: Wargaming

Өйткені, бейнеойын шығарушы экстремистер мен лаңкестер тізіліміне енгізілуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазуда. Басылым мәліметінше, бұл шешімді Мәскеудің Таганский аудандық соты шығарған. Олар "Танктер әлемі" және "Кемелер әлемі" компьютерлік ойындарын шығарушының қызметіне тыйым салған әрі оның активтерін Ресейдің пайдасына қалдырған.

"Леста" посткеңестік Ресейдегі ең көне бейнестудия саналады. 2011 жылы ұйым World of Tanks және World of Battleships ойындарын жасап шығару үшін Wargaming-пен бірікті. Десе де, 11 жылдан соң екі компания бөлінді.

Wargaming Украинаны қолдаса, "Леста" Ресей жағында екенін жариялады. Сол себепті, "Леста" ойындарын ресейлік серверлерде шығаруды жалғастырды.

Осыған дейін Бас прокуратура Ресей мүддесі үшін компания иелері Виктор Кислый мен Мәлік Хатажаевқа, сонымен қатар "Леста" ЖШС мен "Леста геймс эдженси" ЖШС Украина қарулы күштеріне қолдау көрсету түріндегі экстремистік әрекетіне байланысты осы бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы талап-арыз берген еді.

– Бас прокуратураның талаптары компанияның гонконгтық оффшорына байланысты болды, одан Украина қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін қаражат аударылған, – деп нақтылап өтті құқық қорғау органдары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу