Әлемге танымал профессор қазақстандық дәрігерлерге дәріс оқыды

298

Әлемге танымал дәрігер Алматыға келді.

Әлемге танымал профессор қазақстандық дәрігерлерге дәріс оқыды Фото: Inbusiness.kz

Ресей ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марк Курцер қазақстандық гинекологтар мен акушер-дәрігерлерге өз білімін, тәжірибесін баяндады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Шара Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Дамудың жол картасын жүзеге асыру аясында өтті. Ал дәрістерді "АЯЛА" қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Алматы ауруханаларының біріндегі акт залында бірде-бір бос орын болмады. Бұған ресейлік профессор Марк Курцердің гинекология және акушерлік сұрақтар бойынша дәрісі себеп болды. Көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер қан кеткенде қалай әрекет ету керектігін, қандай жағдай болмасын нәрестені аман алып қалу үшін не істеу керектігі айтты. Сонымен қатар, Марк Куртцер соңғы ғылыми жетістіктермен және қолданылатын стратегиялармен бөлісті.

"Мен мұнда "Аяла" қорының шақыртуымен келдім. Бұл менің Қазақстанға соның ішінде, Алматыға жасаған ең алғашқы сапарым. Мен мұнда қор жиі қолдап жүрген ұрық хирургиясы, соның ішінде фетальды хирургияны дамыту мүмкіндігін талқылауға келдім", - деді РҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марк Курцер.

Айтпақшы, "Аяла" қоры қазақстандық дәрігерлер үшін осы сынды дәрісті жиі өткізеді. Мәселен, жақын арада Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығындағы нәресте денсаулығы орталығына отаға арналған құрал-жабдықтарды орнату жоспарда бар. Бұл орталықтың дәрігерлері үшін Ресей, Беларусь және Оңтүстік Кореяның оқу курстары жоспарланған.

"Аяла" қоры  Қазақстандағы неонатология саласында көп жылдық тәжірибесі бар жалғыз қор. Біз өз жұмысымызды 2007 жылы бастадық және 16 жыл ішінде Қазақстан бойынша 67 реанимация және реанимация палаталарындағы 1200-ден астам медициналық жабдықты ауыстырдық", - дейді AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

Марк Курцердің дәрістеріне әртүрлі медициналық мекемелерден 200-ден астам дәрігер қатысты. Оған қоса, YouTube желісі арқылы онлайн трансляцияға еліміздің түкпір-түкпірінен тағы 500 тыңдаушы қосылды. Отандық дәрігерлерді қызықтырғаны  профессордың ресейлік әріптестерімен бірге жасаған емдеу әдістері. Өйткені, Марк Курцер моногенді аурулардың преимплантациялы генетикалық диагностикасын енгізген жаңашыл және зерттеуші ретінде танымал. Бұл үшін оған ғылым мен техника саласындағы Ресей үкіметінің сыйлығы берілді. 2016 жылы профессор Ресейде алғаш рет Spina bifida кезіндегі ұрыққа ашық ота жасады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу