Әлемнің 25 елінде Қазақстаның әскери атташелері қызмет етеді

1171

Қорғаныс Министрлігінде ҚР әскери атташелерінің жұмысын талқылады.  

Әлемнің 25 елінде Қазақстаның әскери атташелері қызмет етеді

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің шетел мемлекеттерінде  аккредиттелген әскери атташелерімен кеңес өтті, деп хабарлайды ведмствоның баспасөз қызметі.

Кеңес барысында 2019 жылғы атқарылған қызметтер қорытындыланып, келер жылға міндеттер қойылды.

Осы орайда әскери атташелерге Қарулы Күштердің дамуына, сонымен қатар қару-жарақ пен әскери техникалардың жетілуіне және жаңаруына қолдау көрсету қажеттілігі жөніндегі талап жеткізілді.

Қорғаныс ведомствасының басшысы шетелдегі Қорғаныс министрлігі әскери атташелері аппараттарының қызметіне қатысты тапсырма берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның әскери атташелері 25 елде ҚР ҚК мүддесін көздеуде. Атап айтқанда, Орта Азия, Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу