Әлемнің 26 еліндегі радиостанциялар әуендер тізіміне қазақ күйлерін енгізді

283

Мереке күндері жаһанның бес құрлығында қазақтың күмбірлеген күйі радоостанцияларда ойнайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемнің 26 еліндегі радиостанциялар әуендер тізіміне қазақ күйлерін енгізді Фото: miapartner.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 2024 жылы 20 наурызда өткен баспасөз конференциясында әлемнің 26 елінің радиостанциялары өздерінде ойналатын музыка тізіміне қазақ күйлерін қосқанын жеткізді.

Ол алғаш рет әлемнің радиостанциялары Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтап, өз радио тыңдармандарына атақты қазақ күйлерін ұсынатынын айтады.

"Құрманғазы атындағы оркестрдің орындауындағы күмбірлеген домбыраның әуезді үні бес құрлықтың танымал радиостанцияларының эфирінде орындалып жатыр. Ұлы дала музыкасы көктем мерекесінің ғажайып атмосферасын қалыптастырып, бүкіл әлемге ізгіліктің шуақты нұрын шашты", - дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазақ күйлерін Вьетнам, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Иран, Эфиопия, Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Түркия, Грузия, Болгария, Сербия, Хорватия, Литва, Латвия, Мажарстан, Польша,Испания, Бразилия және АҚШ елдерінің радиостанциялары таратады.

Айта кетсек, биыл Наурыз мейрамын Қазақстан халқы бес күн бойы тойлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу