Әлемнің 30 елінен коронавирустың "Лямбда" штамы анықталды

774

Әлем бойынша 195 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 4 млн-нан астам адам қайтыс болды.  

Әлемнің 30 елінен коронавирустың "Лямбда" штамы анықталды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, аурудың асқынуына 
"Дельта штаммының" кең таралуы түрткі болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, штаммның бұл түрі әлемнің 124 еліне таралған. Алғаш рет 2020 жылғы желтоқсанда Перудан табылған "Лямбда" штаммы әлемнің 30 елінен анықталды.  Солтүстік, Оңтүстік Америкада, Еуропа елдерінде 3 мыңға жуық жағдай тіркелді", – деді министр. 
Алексей Цойдың сөзінше, жаңа штаммдардың пайда болуына және таралуына халықтың вакцинациямен тиісті деңгейде қамтылмауы себеп болып отыр. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу