"Euronews" командасының өзі аумақ туралы бірнеше жоба жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Орталық Азия ірі халықаралық медиаресурстар мен интернет-платформалар үшін қызықты өңірге айналған.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, еліміз халықаралық ресурстармен байланыс орнатуда белсенді жұмыс жүргізуде. Мысалы, былтырғы тамызда Қазақстан Астана қаласында Орталық Азия бойынша "Euronews-тің" өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойған.
– "Euronews" командасы біздің халықтардың өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы "Модерн номадс" телешоуын, "Орталық Азиядан шыққан дауыстар" тақырыптық сериясын, өңірдің белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, ірі өңірлік іс-шараларды қамтитын "Фокус" репортажының бірқатарын көрсетуге кірісті. Біз Орталық Азияның барлық елімен ортақ тарихи және мәдени мұрамызды, сауда-экономикалық және туристік әлеуетімізді көрсетуге бағытталған бірлескен медиажобаларды жасау бойынша халықаралық әріптестерді тарту жұмысын жүргізуге ниеттіміз, – дейді министр.
Еске салайық, бүгін-ертең, яғни екі күн бойы Орталық Азия бойынша медиа саласының мамандары Астанадағы форумда бас қосады. Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысуда. Іс-шара аясында Қазақстан мен Өзбекстан журналистері үшін баспасөз турлары ұйымдастырылған.