Әлемнің бірқатар елінде қазақтың ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдары таныстырылады

1851

Әлемнің бірқатар елінде қазақтың ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдары таныстырылады

"ЭКСПО-2017" көрмесі қарсаңында "Халық маркасы" федерациясы әлемнің 12 елін аралап, ұлттық киім мен бұйымдарымызды жаһан жұртшылығына паш ететін көрме ұйымдастырғалы отыр.

"Қош келдіңіз!" деп аталатын көрме келер жылдың ақпан мен мамыр айы аралығында өтеді деп жоспарланған. Онда дархан даланың кеңдігін, қазақтың қонақжайлығын айшықтайтын қайталанбас төл туындылар қойылады.

"Көрме Ресей, Грузия, Әзербайжан, Армения, Украина, Таиланд, Мысыр, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістанға ат басын бұрады. Жергілікті базар жанында ұйымдастырылатын көрмеге бас сұққан кез келген қонаққа кәде-сый жасалады.  Қазір жылжымалы көрмеге қатысатын кәсіпкерлер іріктеліп жатыр", – деді "Халық маркасы" қазақстандық тауар мен қызмет сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева.

24.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу