Әлемнің бірқатар елінде омикронның жаңа штамы тарала бастады

553

"Цербер" деп аталатын вирус бүгінде Бразилияда, АҚШ пен Еуропа елдерінде анықталып отыр.  

Әлемнің бірқатар елінде омикронның жаңа штамы тарала бастады Фото: rbc.ru

Көршілес Ресейде де тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, цербер вирусы бұған дейінгі штаммдарға қарағанда әлдеқайда жұқпалы келеді. Сондықтан мейлінше сақтық шараларын сақтаған абзал. Десе де бұл вирус адам өміріне аса қауіпті емес екен. Өйткені ауру белгілері жеңіл өтетін көрінеді.

"Инфекцияны жұқтырған адамда дене қызуы мен әлсіздік пайда болады", - дейді вирусологтар.

Омикронның мутацияға ұшыраған жаңа түрі кәрі құрлық елдерінде қыркүйекте анықталды. Ол омикроннан 20-30% тез таралады. Бүгінде жаңа штамм әлемнің 30-дан астам мемлекетінде тіркелген. Алайда ешбір елде шектеу шаралары күшейтіліп жатқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу