Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жартылай финалда КХДР-дың былғары қолғап шебері Пенг Чол Миге есе жіберді, деп хабарлайды Хабар арнасы.
Қорытынды ұпай – 2:3. Осылайша ол Азия чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты. Сондай-ақ 6 қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды.
Бүгін 64 кг келі салмақта Мадина Нуршаева таиландтық Лаопи Пимвилаймен кездеседі. Валентина Хальзова (69 кг) үндістандық Боргоайн Ловлинамен былғары қолғап түйістіреді. Сонымен қатар алда Азия чемпионы Дариға Шакимова, Мөлдір Базарбаева және Ляззат Күнгейбаевалардың жекпе-жегі өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу