ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Lufthansa Group" компаниясының аға директоры, Ресей мен ТМД елдерімен байланыс кеңсесінің басшысы Рональд Шульцпен кездесті, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Шульц мырзаның айтуынша, Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға жасалатын рейстердегі жолаушылар ағынының тұрақты өсіміне қанағаттанады. Өйткені, бұл әуе компаниясының басқа маршруттарының орташа өсімінен жоғары.
Сондай-ақ, әуе компаниясы биыл қазан айының соңынан бастап жүк рейстерінің санын аптасына 3-тен 9-ға дейін, яғни 6 рейске арттырады. Бұрын MD-11 ұшақтарымен Новосибирск қаласы (Ресей) арқылы жүзеге асырып келген. Орындалатын рейстердің көбеюі транзиттік әлеуетті, әуежайларды және елдің навигациясын дамытуға оң әсер етеді.