Осыған дейінгі жер-жаһанның ең егде жастағы адамы бразилиялық Ина Канабарро Лукас 116 жас 326 күнінде көз жұмған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сол себепті, Гиннестің рекордтар кітабы британдық Этель Катерхэмді дүниежүзіндегі ең қарт адам деп жариялады.
Сондай-ақ, Этель Катерхэм – 20 ғасырдың алғашқы онжылдығында туған соңғы тірі адам (ол 1909 жылдың 21 тамызында дүниеге келген). Кеше ол 116 дасқа толды.
Британдық Этель Катерхэмнің өмірі өте қызықты басталған. Ол 1927 жылы, 18 жасында кемемен үш апталық сапарға шығып, Үндістанда жаңа өмірге аяқ басады.
Бірнеше күннен соң ол британ әскеріннің қызметкері Норман Катерхэмге тұрмысқа шығады. Кейін Джем және Энн атты екі қыздың анасы атанды.
Катерхэмнің күйеуі Норман 1976 жылы қайтыс болса, қызы Джем 2000 жылдардың басында, екінші қызы Энн 2020 жылдың ақпанында 82 жасында қатерлі ісіктен дүниеден өткен.