2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімі жарияланды

758

Forbes журналы әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемнің ең қымбат футбол клубтарының тізімі жарияланды Фото: bloomberg.com

Сарапшылар команданың инфрақұрылымы, құрамы мен спорт саласындағы коммерциялық жағдайын бағалап, осындай шешімге келген.

Көш басында Испанияның "Реал" (Мадрид) клубы тұр. Сарапшылардың пікірінше, оның құны – 5 млрд 490 млн еуро.

Екінші орында тұрған Англияның "Манчестер Юнайтед" клубы 5 млрд 427 млн еуроға бағаланған.

Үздік үштікті 4 млрд 984 млн еуромен Испанияның "Барселонасы" түйіндеп тұр.

Алғашқы ондықтағы командалардың басым бөлігі Англия премьер-лигасында ойын көрсетеді. Ал А сериясынан бір де бір клуб аталған рейтингке кірген жоқ.

Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат командаларының ТОП-10 тізімі:

  1. "Реал" – € 5,5 млрд
  2. "Манчестер Юнайтед" – € 5,4 млрд
  3. "Барселона" – € 4,9 млрд
  4. "Ливерпуль" – € 4,7 млрд
  5. "Манчестер Сити" – € 4,5 млрд
  6. "Бавария" – € 4,3 млрд
  7. "ПСЖ" – € 3,8 млрд
  8. "Челси" – € 2,8 млрд
  9. "Тоттенхэм" – € 2,5 млрд
  10. "Арсенал" – € 2,4 млрд
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу