16-18 желтоқсанда Алматыдағы "Орталық клиникалық ауруханада" VII халықаралық дискуссиялық нейрокурс өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Үш күндік іс-шараға Германия, Израиль, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен үздік нейрохирургтар, невропатологтар және басқа да мамандар жиналады.
Жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық дискуссиялық нейрокурстың басты мақсаты – еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамыту және отандық медицинаға озық тәжірибені енгізу.
Тәжірибе алмаса отырып спикерлер "Орталық клиникалық аурухана" АҚ және "Private Clinic Almaty" базасында жұлын мен миға ота жасап, клиникалық жағдайларды талдайды, емдеу және оңалту мәселелерін талқылайды.
Нейрокурс онлайн және офлайн форматта өтеді. Оталарды тікелей эфирде әлемнің мыңдаған дәрігері тамашалайды.