Әлемнің көмірге тәуелділігі күрт өсті

806

2021 жылы әлемде көмірден алынатын электр энергиясын 2020 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп өндірілді.

Әлемнің көмірге тәуелділігі күрт өсті

Украинадағы жағдай әлемнің көмірге тәуелділігін арттырды. Германия мен Италияда бұрын жұмысын тоқтатқан көмір электр станциялары қайтадан ашылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Африкада Еуропаға тасымалданатын көмірдің көлемі артты. АҚШ-та шикізатты тұтыну көрсеткіші өсті, Қытай жабық шахталарын қайтадан ашып, жаңаларын салуды жоспарлап отыр. ҚХР биыл көмір өндіру қуатын 300 миллион тоннаға арттырмақ.

Әлемнің бұл отынға тәуелділігіне газдың жетіспеушілігі мен электр энергиясын тұтынудың күрт өсуі әкеліп соқты. Украинадағы жағдай электр энергиясын өндірушілерді көмір бағасын көтеруге мәжбүрлеп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, бұл фактордың кесірінен инфляцияны тағы да артуы мүмкін.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, 2021 жылы әлемде көмірден алынатын электр энергиясын 2020 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп өндірді.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі ресейлік энергия ресурстарына тәуелділікті азайту соңғы 30 жылда алғаш рет үшін көмір шахтасын ашатын мәлімдеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу