Әлемнің назары Астанаға ауған күн болды

268

Саммиттің салмағы әрқашан қабылданған құжаттармен, бекітілген шешімдермен бағаланады.

Әлемнің назары Астанаға ауған күн болды Фото: Ақорда

Саясаттанушы Бауыржан Серікбаев өзінің фейсбук парақшасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымы – әлемнің 3 млрд халқын біріктіретін, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес елдің екеуін қамтитын, ұйымға мүше мемлекеттер саны 10-ға жеткен, одан өзге бақылаушы, қатысушы форматта жұмыс істейтін мемлекеттерді қосқанда жаһандағы әлеуеті зор халықаралық ұйымдардың бірі. Бүгін әлемнің назары Астанаға ауған күн болды десек артық айтқандық емес шығар. Жаһанның 16 мемлекетінің президенттері, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутьеррес сынды саяси тұлғалар Қазақстанда бас қосты. Астанада 2023 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, еліміз тарапынан көтерілген бастамалар мен атқарылған істердің логикалық түйіні қойылды", - деді сарапшы.

Бауыржан Серікбаев соңғы бір жылда Қазақстан бастамасымен ұйым аясында 150-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 60-қа жуық халықаралық келісімдер мен құжаттарға қол қойылғанын баса айтты.

Бұдан бөлек бүгін Астанада өткен саммит аясында 20-дан астам келісімге, ресми құжаттарға қол қойылды.

"3 миллиард халықтың басын қосқан ұйым аясындағы өзара сауда-саттық, экономиканың бүгінгі әлеуеті расында көптеген түйіткілді мәселелерді шешетіні де анық. Еліміз тарапынан көтерілген логистикалық, сауда-саттық, экономикалық, экологиялық және мәдени саладағы бастамалар Саммит аясында қабылданған құжаттармен халықаралық деңгейде қолдау тапқанын да атап өткен жөн. Саммиттің салмағы әрқашан да қабылданған құжаттармен, бекітілген шешімдермен бағаланады", - деді саясаттанушы.

Сарапшы Астана саммиті еліміз үшін жемісті басқосу болды деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу