Әлем елдері тұрақты дамуға көшу жөнінде жалпы тәсілдерді айқындамақ. Қорытынды құжатқа тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форумы аясында өтіп жатқан "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлер конференциясына қатысушы мемлекеттердің энергетика министрлері қол қояды.
Конференция қорытындысы бойынша қабылданады деп күтіліп отырған министрлік декларация үкіметтердің тұрақты даму және энергетика идеяларын іске асыру жөніндегі басымдықтарынан құралады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
"Бүгін қабылданатын декларацияның ережесі EXPO-ны өткізудің қорытындысы бойынша қабылданатын манифест құндылықтарының негізі болады деп жоспарланып отыр", - деді энергетика министрі.
"Қазба отынды пайдаланудың өзара байланысы, энерегия тиімділігін арттыру мен жаңартылатын энергетиканы дамыту басты назарда. Сегізінші форум және конференция қатысушы елдердің ұлттық ерекшелігін ескере отырып энергетикаға байланысты тұрақты даму мақсатына жетудің тәсілдері мен нұсқаларын ұсынады. Конференция барысындағы дискуссияға БҰҰ-ның қатысушы елдері мен бизнес-қауымдастықтарға күн тәртібіндегі тұрақты дамуды іске асыруға қалайша көмектесе алатынын түсінуге мүмкіндік береді", - деп қосты Қанат Бозымбаев.
Форум қорытындысы бойынша EXPO халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін оның базасында жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығын құру туралы мәлімдеме жасалады деп күтілуде. Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум (Сегізінші форум) Қазақстанның елордасында өз жұмысын бастады. Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форумның (Сегізінші форум) және оны ашатын "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлер конференциясының негізгі тақырыптары – энергетикалық қауіпсіздік, сауда және инфрақұрылым, энергия, климат және азық-түліктің өзара байланысы, сондай-ақ аймақтық кеңістікте жаңартылатын энергетиканы дамыту.
Сегізінші форумның ашылу салтанатына Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған БҰҰ экономикалық және әлеуметттік комиссиясының атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюроның директоры, ЭКСПО-2017 үшін БҰҰ Бас Комиссары Джихан Сұлтаноғлы, KAZENERGY қауымдастығының Төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.
Форум жұмысына 2600 спикер мен делегат қатысуда. Сегізінші форумның жұмысымен таныстыруға қазақстандық және халықаралық 350-ден астам БАҚ жұмылдырылған.