Әлемнің үздік ойыншыларының бірі "Қайратқа" қосылды

963

Гадейя лақап атымен танымал футболшы Бразилия құрамасының ойыншысы.  

Әлемнің үздік ойыншыларының бірі "Қайратқа" қосылды

Алматының "Қайрат" футзал клубы әлемнің үздік ойыншыларының бірі Фабрицио Бастезинимен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Гадейя лақап атымен танымал футболшы Бразилия құрамасының ойыншысы. Мансабында Бразилияның "Копагрил" (2009-2012) мен "Интелли" (2013-2016) және Испанияның "Интер Мовистар" (2012/2013, 2017-2020) командаларында өнер көрсеткен.

Фабрицио Бастезини УЕФА Кубогын (2017, 2018) және Испания чепмионатында екі мәрте топ жарған. Бразилия құрамасының сапында 2011 жылы Америка Кубогында жеңіске жетті.

2017 жылы Алматыда өткен УЕФА Кубогында Гадейя "Интер Мовистар" командасының сапында жеңімпаз атанды. Финалда Фабрицио Бастезини "Спортинг" қақпасына гол соғып, командасының жеңісіне үлесін қосқан. Сондай-ақ, бразилиялық футболшы 2015 және 2018 жылдары әлемнің үздік ойыншылары қатарына енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу