Әлемнің жетекші экономикалары қалпына келе алмады

627

АҚШ-тың экономикасы 2021 жылдың екінші тоқсанында 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,8%-ға артты.

Әлемнің жетекші экономикалары қалпына келе алмады Фото: reuters.com

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіретін әлемнің жетекші экономикалары әлі де коронавирустық пандемия салдарынан толық қалпына келе алмады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап. Олардың негізгі көрсеткіштері 2019 жылғы деңгейден төмен.

ЭЫДҰ-ға мүше елдердің жалпы ЖІӨ 2021 жылдың екінші тоқсанында бірінші тоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға өсті. 2019 жылғы деңгейден едәуір түсіп кеткен ел – Британия (-4,4%). Одан кейінгі орындарда Италия (-3,8%), Франция және Германия (-3,3%).
Ал АҚШ-та, керісінше, бұл көрсеткіш өсті. Бұл елдің экономикасы 2021 жылдың екінші тоқсанында 2019 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,8%-ға артты. Британияда ЖІӨ-нің ең үлкен өсімі сәуір және маусым айлары аралығында байқалды (4,8%).  Қаңтар және наурыз айларында 1,6% болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу