Алеппода жаңа келісім жасалды

999

Алеппода жаңа келісім жасалды

Сирияның Алеппо қаласында оқ атпау туралы жаңа келісім жасалды. Бұл туралы аймақтағы бүлікші топтың жетекішісі мен билік өкілдері мәлімдеді, деп жазады 24 Хабар.

Айтуларынша, келісім негізінде шаһардан лаңкестер мен олардың отбасылары оқшауланды. Сонымен қатар, бұл жерден кетуді қалаған бейбіт тұрғындар да шығуына болады. Бұған дейін Ресей мен Түркияның кепілдігі арқылы қол жеткен келісім көп ұзамай бұзылған болатын. Сол бітімге сай, содырлар арнайы дәліз арқылы шаһардан өзге провинцияға өтуі тиіс еді. Уағдаласқан жерге автобустар келгенде, лаңкестер аяқ асты оқ жаудырған. Алайда араб елдерінің басылымдары, атысты үкімет жасағы бастады деген ақпарат таратты. Соңғы мәліметтерге қарағанда Алеппоның шығыс аудандарында, 50 мыңға жуық бейбіт тұрғын мен 400-ден астам бүлікші бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу