Әлеуметтік әлжуаз топтарға жалға берілетін 6 мыңға жуық пәтер құрылысы басталды

1335

Әлеуметтік әлжуаз топтарға жалға берілетін 6 мыңға жуық пәтер құрылысы басталды

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша әкімшіліктерге 25 млрд теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындар үшін 6 мыңға жуық жалға берілетін пәтер құрылысы басталды. Бұл туралы ҚР үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша әкімшіліктерге 25 млрд теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындар үшін 6 мыңға жуық жалға берілетін пәтер құрылысы басталды. Оның жартысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жалға берілетін пәтерлерді баспана сатып алуға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған жандар ала алады. Оларға мемлекет жалға берілетін пәтерлерді береді, бірақ баспананы сатып алу құқығы жоқ. Әлеуметтік тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы 100 теңге шамасында болмақ", - деді Роман Скляр.

Вице-министр жеке тұрғын үй құрылысын жүргізушілерге де қолдау көрсетілетініне тоқталды.

"Бұл бағыт баспана мәселесін шешудің қолайлы жолы. Мемлекет тұрғын үй салуға бөлген жер теліміне инфрақұрылымның тартылуын қамтамасыз етеді. Жыл сайын мұндай желілер құрылысына 80 млрд теңге бөлінеді, оның жартысына жуығы жеке баспана салынатын аумақтарға инженерлік желілер тартуға қарастырылады. Бұл орташа алғанда 15 жыл ішінде 40 мыңнан астам жер теліміне жүйелер тартуды қамтамасыз етеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу