Әлеуметтік әмиян қашан іске қосылады?

1178

Жоба ең алдымен Нұр-Сұлтан тұрғындарына қолжетімді болады.   

Әлеуметтік әмиян қашан іске қосылады?

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша әлеуметтік әмиян енгізу жұмысын бірден төрт мемлекеттік орган, атап айтқанда Ұлттық банк, Сауда және интеграция, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері жүргізіп жатыр.

“Былтыр қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған болатын. Қазіргі уақытта Ұлттық банк жүйесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйелерімен тестілеу жүргзілуде. Жоба жақында іске қосылады деп жоспарланған", – деді вице-министр.

Әлеуметтік әмиянды қалай қолдануға болады?

"Жұмыс аяқтала салысымын бүкіл елге хабарлаймыз әрі әлеуметтік әмиянды қалай қолдануға болатындығын түсіндіреміз. Бұл жүйе арқылы әлеуметтік төлемдер бойынша қомақты қаражат бөлінеді. Соған орай тиісті инфрақұрылым керек. Әмиянға түсетін қаражат жаратылуы қажет. Адамдар осы құрал арқылы сауда үйлерінде, дүкендерде төлем жасай алуы маңызды. Ал ол үшін инфрақұрылым әзір болуы керек", – деді Ербол Оспанов.

Спикердің сөзінше жоба ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылады. Сонымен қатар Павлодар мен Ақмола облысының Ақкөл ауданында іске қосу көзделген. Осы үш аумақта арнайы жоба бірінші кезекте іске қосылады.

“Кейін қалған өңірлер кезең-кезеңімен жобаға қосылатын болады", – деді Ербол Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу